Испания елінің Гранада қаласындағы әйгілі Альгамбра сарайында араға 500 жыл салып алғаш рет мұсылманша азан шақырылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Сириялық мұсылман Муаз әл-Насс тарихи сарайда азан шақырды. Альгамбра сарайында 500 жылдан кейінгі алғаш шақырылған азан көпшілікті таңдай қақтырды. Аталмыш оқиға бейнетаспаға түсіріліп, интернет желісінде миллионнан аса адам тамашалады.
Айта кететін болсақ, Альгамбра сарайы 1330 жылдары Жүсіп I билігі кезеңінде мұсылман әміршілерінің бұйрығымен салынған болатын. 1492 жылы Гранада қаласы христиан басшылары ықпалына өтіп, Альгамбра сарайы мешіт қызметінен католиктік шіркеуге ауысқан.
Пікір қалдыру