Ресей континентаралық сынақ үшін «Тополь» атты баллистикалық зымыранын Астрахань облысындағы полигонынан ұшырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі Азаттық сайтына сілтеме жасап. Ресейдің қорғаныс министрлігі айтқандай, сынақ зымыраны «Қазақстанда берілген нысанаға дөп тиді».

Сурет Азамат Ахмедовтың Facebook парақшасынан алынды.
Әлеуметтік желі қолданушылары аспанда жарқылдаған денелерді бейнетаспаға жазып алған, ол зымыранның нысанаға тигендегі қалған ізі болса керек. Жарияланған бейнетаспалардың астына көптеген желі қолданушылары пікір білдіріп жатыр. Бұл туралы 27-не қараған түні Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарының тұрғындары жазып отыр.
Аспандағы ерекше жарқылдар жөнінде тек қазақ желі қолданушылары ғана емес, ресейлік бірқатар тұрғындары да талқылап жатыр. Олардың кейбірі бұл жат планетадан келген ұшатын нысана десе кейбірі бұл құбылысты метеоритпен шатастыруда.