Павлодарда қалалық мектептердің оқушылары бір апта бойы кемеде сабақ оқуда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп.
Аталмыш оқу апталығын Павлодар география үйі маңында құрылған «Фарватер» Ертіс өлкетану академиясы өткізуде.
Біз екі жыл бойы осы жобаны іске асыру үшін дайындалдық, - дейді Павлодар география үйінің директоры Александр Вервекин.
"Мақсатымыз жүзеге асып, Еуропалық қайта құру банкі мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетті. Қалалық орта мектептерден 16 бала жинап алдық, олардың қатарында ішкі істер басқармасында есепте тұрғандар да бар. Бір апта бойы оларға зоологтар, биологтар, тарихшы, өлкетанушылар Ертіс өзені бойында лекциялар мен тәжірибелік сабақтар өткізеді. Солайша, оқушылар кемеге мініп, туған қаламыздың тарихымен тереңірек таныса алады. Меніңше, оқушылар арасында мұндай жоба елімізде тұңғыш рет жүзеге асуда. Анық білерім, Ресейде студенттерге осылай сабақ өткізеді, ал, біз мектеп қабырғасындағы жастарды қамтығанды жөн көрдік", деп мәлімдеді А. Вервекин.


Айта кетейік, бүгін Ертіс өзенінің арғы жағына өткен соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындап, мұғалімдердің нұсқаулығымен сирек кездесетін өсімдіктерді іздеді.