Қазгидромет еліміздің 5 облысындағы ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жариялады,― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
28 қыркүйекте күндіз, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты, 28-29 қыркүйекте тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі сақталады.
29 градус болған ауа температурасы кей жерлерде 3 градусқа төмендеуі мүмкін. 29-30 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының кей жерлерде ауа температурасы 3 градусқа төмендеуі күтіледі. 29 қыркүйекте Жамбыл облысында, 29 қыркүйек тәулік бойы, түнде 30 қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын күтіледі, (күші 15-20,екпіні 23-28 м/с). Түнде 30 қыркүйек пен 1 қазанда ауа температурасы 1-6 градус дейін төмендейді. 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады).
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%