Қазақстанның Белорусиядағы елшілігінің есепшісі $700 мың ақша жымқырған

/uploads/thumbnail/20170927144509406_small.jpg

Белорусиядағы Қазақстан елшілігінің есепшісі 700 мың доллар қаржыны заңсыз алғаны үшін 7 жыл және 6 айға сотталып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үстіміздегі жылдың 26-шы қыркүйегінде Астанадағы Алматы аймақтық сотының №2 үкімімен Асқар Сейдуалиев 189 баптың 4 тармағының 2-ші бөліміне (сеніп тапсырған өзгенің мүлкін иемденіп алу және жұмсау) сәйкес кінәлі деп танылып ҚР қылмыстық кодексіне сай 7 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса айыпталушының мүлкі тәркіленіп, есепші қызметін атқаруына тыйым салынды.

Жүргізілген тексерістер нәтижесінде А. Сейдуалиев 2012-2015 жылдар арасында елшіліктің құрылысына бөлінген қаражаттан $207 мың ақша және $474 мың 883 көлемінде Белорусь Республикасы салық органдарынан бөлінген қаражатты жымқырған.

Қатысты Мақалалар