Алматыдағы трамвай рельсін аукцион арқылы сату жоспарланып отыр

/uploads/thumbnail/20170927143149305_small.jpg

Алматы трамвай желісінің инфрақұрылымы болашақта қайда және қалай жүзеге асыралады? Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Сағындық Телібаевтің айтуынша, 2017 жылдың басындағы мәлімет бойынша қалада 29,6 шақырым травмай жолы болған, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, Шевченко, Қонаев, Торайғыров, Өтепов көшелеріндегі сондай-ақ, 23 жол қиылысындағы барлық ұзындығы 16,7 шақырым болатын травмай релсі алынып, оның орнына асфальт төселді. Қалған рельстерді алу 2018 жылдың жұмыс жоспарына енгізіледі»,― деді Сағындық Телібаев.

Демонтаждалған инфрақұрылымның қайда іске жаратылатындығы әзірге нақты емес.   

«Алынып тасталған қуат көзі кабельдері мен қосымша стансалар бүгінгі таңда троллейбус қызметіне берілген. Рельстер «Алматыэлектротранс» мекемесі трамвай шаруашылығында сақтаулы. Оны аукцион арқылы сату жоспарланып отыр. Трамвайлардың өзін ШҚО мен Павлодарға сату бойынша келіссөздер әлі де аяқталған жоқ»,― деді ол.

Аталған басқарма мәліметіне сүйенсек, жеңіл рельсті транспорт желісінің құрылысы 2019 жылы басталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, биыл жазда Алматы көшелерін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар трамвай жолдары алынып тасталған болатын. Қайта жөндеу жұмыстарынан кейін Шевченко, Құрманғазы көшелеріне бір жақты жол қозғалысы енгізілді. Алматы қаласында трамвай желісі 1937 жылдың 7 қарашасында іске қосылып, 2015 жылдың 31 қазанында тоқтатылды. 2017 жылдың жазында қала бойынша рельстерді алу жұмыстары басталды.  

Қала әкімдігі биыл 30 шақырымнан астам шойын жолдың 7,5 шақырымын бұзып, оның орнын қайта абаттандыруды жоспарлаған. Ал балама ретінде салынуы тиіс жеңіл рельсті қоғамдық көлік жобасының құрылысы қашан басталары белгісіз. Трамвайлар қайта-қайта көлік апатына себепкер болған соң, шаһар билігі оларды қолданыстан мүлде шығарған. Трамвай депосының орнына тіл үйрететін жастар орталығы салынатын болды. Ал 30 шақырымды алып жатқан шойын жолдардың тағдырына қатысты шешім жуырда қабылданды. Оған сай темір төсеніштер бұзылып, орны қайтадан жамалады.

Айта кетер болсақ, Алматы трамвайының 80 жылдық тарихы бар. Ол  1937 жылы іске қосылған. Бұрын ТМД елдері ірі қалаларының кө­бінде өзге көлік түрлерімен салыстырғанда, трамвай ең тиімді көлік болып саналған. Ол кезде автобус, троллейбус дегендер аз шығатын, сондықтан олар қоғамдық көлік маршруттарын қамтамасыз етуге жетпеді. Оның үстіне, трамвай экологиялық тұрғыдан ұтымды көлік болды. 1930 жылдары кеңестік одақтың ірілі-ұсақты қалаларының көбі трамвай көлігіне көше бастаған соң Алматы да бұл көштен қалғысы келмеді.

Алматыда трамвай 1937 жылы желтоқ­санның 1-інен бастап жүйелі түрде жүре бастады. Трамвайдың қалай іске қосыл­ғаны туралы қала газеттерінің бәрі жаз­ды. Ол за­мандағы газеттердің жаз­уын­­ша, трамвай ар­зан көлік болды. Жолау­шылар теміржол вокзалынан трамвай депосына дейін 30 тиын­­ға жете алатын. Ал вокзалдан Горький көшесіне (қазіргі Жібек жолы) дейінгі билет – 20 тиын, мектеп оқушыларына ар­нал­ған билет – 10 тиын (копейка) тұратын.

Алғашқы кезде Алматы тұрғындарына, әсіресе, автомобилистерге көліктің жаңа түріне үйренісуіне тура келді. Көше қиылыстарында әлі бағдар­шамдар орнатылмаған кез болатын, сон­дықтан алғашқы екі аптада автомобильдер мен трамвайлар бірнеше рет соқтығысып қалды. 1938 жылдың қаңтарының басында бағдаршамдар орнатылған соң бұл мәселе шешілді.

Қатысты Мақалалар