Президент Дональд Трамптың айтуынша, Солтүстік Кореяға қатысты мәселе тек әскери жолмен шешілсе АҚШ бұл әрекетке дайын. Алайда мұндай жолмен шешкен дұрыс емес екендігін де Трамп мырза мойындап отыр,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мұндай мәлімдемені АҚШ президенті Испания Премьер-министрі Мариано Рахо қатысқан баспасөз мәслихатында айтты.
«Егер біз бірінші әдісті қолданатын болсақ, оның салдарынан бәрі қирауы мүмкін. Әсіресе Солтүстік Корея үшін солай болатындығына кепіл беремін. Ал екінші әдіс – ол әскери күшті қолдану»,-деді Дональд Трамп.
Осыған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Солтүстік Кореяға шабуылдауына күмән келтірген болатын. Себебі «Пхеньянда жаппай жойып жіберетін қару бар»,- деген. Сондықтан, Лавров мырза Солтүстік Кореямен жағдайды ушықтыратын кез келген себептерден аулақ болған жөн екендігін ескерткен.