«Бар шындықты айтқанымыз үшін анамыз бізді секірмекпен ұрады»

/uploads/thumbnail/20171003185443380_small.jpg

Қазақтың қызы Қарақатпын деп таныстырған жасөспірім қыз Қаскелең сотына өз ренішін білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қарақаттың айтуынша ата-анасы ажырасып кеткен.  Қарақаттың әпкесі және інісі бар. Қаскелең соты бойынша Қарақат пен оның бауырлары анасымен тұрып жатыр. Қарақаттың әкесі сотқа керекті барлық дәлелді көрсетсе де, сот балаларды анасымен қалдырып келеді екен. Соттың созылып келе жатқанына жеті айдан асыпты.

Қарақаттың анасы балаларға күн көрсетпейді екен, күнде мас болып келіп балаларды аяусыз секірмекпен ұрады. Қарақатпен бауырларына тамақ бермейді. Қарақаттың нағашы әжесі балаларды оқытудың орнына үй жинатып, жұмыс істеді екен.

Қарақат папасына керек дәлелдерді бергені үшін  анасы Қарақат пен бауырларын қылқындырып, аямай ұрған. Қарақат сотта анасының істегендерін айтып берсе, соттан кейін анасы Қарақатты және бауырларын ұрған. Інісінің қолын пышақпен кесем деп қорқытқан. Қаскелең сотындағы Дуанбекова есімді азаматшаға өтініп сұрады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар