Михаил Хадарковский Украинадағы «Майданда» қайтыс болған ресейлік әскерилер мен еріктілердің ресми тізімін жариялады. Тізімде 227 фамилия тіркелген.
Бұл көрсеткіш 2014 жылдың мамыр мен қараша айларында қаза тапқандардың саны. Тізім Украинаның Қорғаныс Министрлігінің дерегі бойынша жасақталған. Бұл туралы «Ашық Россия» жазады.
Донбасстағы дүмпуге іссапармен талай мәрте келген «Комерсанть» басылымының арнайы корреспонденті Илья Барабанановтың айтуынша тіркелген фамилиялардың көбісі таныс екен. Илья Барабанов қаза тапқан ресейліктер жайында журналистік зерттеу жүргізген болатын.
Басылым бұл тізімнің де толыққанды нақты цифр емес екенін айтады. Желтоқсан айының басында ресейлік құқық қорғаушы, «Груз-200» ғаламтор басылымының негізін қалаушы Елена Васильева Украинаның шығысында ресейлік әскерилерден кемі 5000 адам қаза тапты дегенді айтады. Алайда ресейлік ресми органдар қаза тапқандар туралы мәліметті жарияламай отыр.




