Белгілі журналист Айбар Олжай Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.
Ол 1983 жылы 1 тамызда Алматыда туған. 2000-2004 жылдары Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
2002-2005 жылдары «Алматы» телеарнасында (бұрынғы «ЮСА» телеарнасы) тілші, ақпараттық бағдарламалар редакторы қызметін атқарған.
2005-2008 жылдары «Астана» телеарнасының Алматыдағы меншікті тілшісі, кейіннен «Астана» телеарнасының Алматылық филиалында жаңалықтар қызметінің шеф‑редакторы болған. 2008 жылы «ВИА «МузАРТ» продюсерлік орталықтың режиссері болған.
"Қамшы" ақпараттық порталының атынан Айбар Олжайды жаңа қызыметімен құттықтаймыз.