Қытай астанасын Пекиннен Ху Нан өлкесінің Чаң Ша қаласына көшіруі мүмкін. Бұл туралы Қытайдың ең ірі баспасөзінің бірі Да Я уичат текшесінде жарияланған. Онда 2016 жылдан бастап он жыл ішінде негізгі жақтан көшіп болу жоспарланған. Мемлекеттің Роформа-Даму комитеті, Мемлекеттің қала құрылысын жоспарлау мекемесі, Мемлекеттің ортаны қорғау мекемесі қатарлы 20 неше органнан 160 маман жасақталып, Чаңша қаласына қазірге дейін 62 рет тексеру-зерттеу жүргізілген. Сонымен бірге 2016 жылы Астананы көшіруді тұрақтандырған.
(Ху Нан өлкесінің табиғаты мен Чаң Ша қаласы)
Чаң Ша қаласы Қытай Халық Республикасын құрушы Маузыдұңның (Мао Цзэдун) ата жұрты. Бұл қала орыны жағынан Қытайдың жүрегі деп айтуға әбден болады. Климат жағынан әлде қайда тиімді, жасыл, жанға жайлы қала есептеледі. Ал Пекин тұрғындары жыл сайын құмды боранның зардабын тартатыны белгілі.
"Қамшы" Сілтейді




