Алматыда 500 теңгеге түстенуге болатын 5 орын

/uploads/thumbnail/20171110153107734_small.jpg

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматыда 500 теңгеге түстенуге болатынын айтқан еді. Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі Алматы дәмханаларының бағаларын біліп, қалада 500 теңгеге тамақтану қаншалықты  мүмкін екенін тексеріп көрді. Нәтижесі төмендегідей.

  1. «Қағанат» асханасы. Мұнда лағман 475 теңге тұрады. Ал жарты порциясы – 375 теңге. Варениктің жарты порциясын 215 теңгеге сатып ала аласыз. Ал сорпа бағасы 345 теңгеден басталады. Аталмыш асхананы қаланың кез келген жерінен кездестіруге болады.Қағанат
  2. «Тағам» дәмханасы. Мұнда мантының біреуі 100 теңге тұрады. 4 манты алып, қалған 100 теңгеге шай іше аласыз. 30 теңгеңіз өзіңізде қалады. Сорпаны 250 теңгеге іше аласыз. Аталмыш дәмхана Қонаев көшесінде орналасқан.Тағам
  3. «Basilic» дәмханасы. Шевченко көшесінде орналасқан. Мұнда сорпа 85 теңгеден басталады. Тұшпара – 450 теңге.Базилик
  4. «Достар» кафесі. Мұнда сұйық тағамдарды 450 теңгеге сатып аласыз. Лағман – 550 теңге тұрады.лағман
  5. «Үрімжі» асханасы. Мұнда лағманның түр-түріне тапсырыс бере аласыз. Оның ең қымбаты – 500 теңге. Лағман

Осыдан шығатын қорытынды – егер қалтаңызда 500 теңгеңіз ғана болса аш қалмайсыз. Алматыда аталмыш соммаға дәмді әрі тойымды тамақ жеуге болады. Тек түстенетін орынды дұрыс таңдасаңыз болғаны.

Қатысты Мақалалар