Балаларды бағып өсірген хайуанаттар

/uploads/thumbnail/20170708161252818_small.jpg

1. Орманда маймылдар бағып ержеткізген Угандалық жігіт. Төрт жасар кезінде шешесінің әкесі жағынан өлтірілгенін өз көзімен көрген сәби алды-артына қарамастан орман ішіне қашып кіріп, ғайып болған. 1991 жылға дейін он бес жылға жуық оны ешкім де байқамаған. Соған дейін ол қара маймылдармен өмір сүріп келген. Бірақ осыған дейін оны ауыл тұрғындары көріп, тамақ беріп жүреді. Әкесінің жауыздығынан қатты шошынғандықтан маймыл үйірін алаңсыз сезінсе керек. Әр күні кеш бата орманға сіңіп, көзден ғайып болады екен.

1130642393 (1)

2. Бұл кішкене қызға бір ит пен мысық екі жыл қамқор болған. 2009 жылы Сібірде ауыл тұрғындары бір кішкентай қыздың төрт аяқтап жүретінін, суды жалап тілімен ішетінін, күшік құсап үретінін көріп жағаларын ұстаған. Кейін сібір милициясы бұл сәбидің екі жыл бойы ата-анасы жағынан жер төлеген қамалғанын анықтаған. Осы екі жыл бойына бір мысық пен ит оны еш ашықтырмай, асыраған екен.

1130729459

3. Құстар арасында өмір сүрген бала. 2008 жылы Ресейлік тұрғындар әр түрлі құстары бар бір отбасында құс секілді дауыс шығаратын бір сәбидің өмір сүріп жатқанын байқаған. Мәлім болғанындай әлгі сәбидің анасы оны құстардың арасында бағып, оған тіпті бір ауыз сөз де үйретпеген. Оған хайуан ретінде мәміле жасап, құс қамайтын үйде өсірген. Сондықтан бұл сәби әр түрлі құстардың тілінде сайрап қана қоймай, екі қолын қанат қылып, қайта қайта қағады екен.

1130807258

4. Мысықтармен өмір сүрген сәби. 2008 жылы Аргентина тұрғындары жертөледе өмір сүратін қаңғыбас мысықтардың ішінде бір сәбидің бар екенін байқпаты. Баланы құтқаруға келген жергілікті милицияға мысықтар айбар шегіп, сәбиді қорғаған. Кейін бұл сәбидің бір жастан асқанын және осы уақытқа дейін тек мысықтардың қарауында болғанын анықтаған. Демек, туыла салып тастанды болған.

1130847939

5. Ешкілермен өмір сүретін бала. 2012 жылы Ресейдің бір ауылында тек ешкілермен бірге өріп, қотанда ешкілермен бірге ұйықтайтын бір бала жайлы көп айтылыпты. Сөйтсе, шешесі Саша есімді бұл баланың тентектігі үшін үнемі ешкі қораға қамап қойып жазалайтын болса керек. Ешкілердің өміріне бейімделіп кеткені сонша, тіпті үйге кірмей қорада ұйықтауды өзі де әдетке айналдырған.

1130922765 (1)

6. Қаңғыбас иттермен өмір сүрген бала. 2004 жылы қаңғыбас иттермен бірге өмір сүретін 5-6 жасар бала байқалған. Кейін белгілі болғандай, баласын үш ай кезінде анасы тастап кеткен. Ал қаңғыбас әкесі баласын асырай алмай күресін сандығының жанына қалдырып кеткен екен. Содан бері иттердің қамқорлығында тіршілік кешіп келген бала сөйлей алмайды, төрт аяқтап жүреді. Тіпті, жақын келген адамдарды тістеп, маңына жолатпауға тырысады. Ал адамдар тамақ берсе жемес бұрын искеп алатын әдеті де бар екен.

1130957852 (1)

Қатысты Мақалалар