АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласындағы қарттар үйінен өрт шығып, нәтижесінде 5 адам қайтыс болды. Оқиға жексенбі күні кешке болған. Бұл туралы жергілікті телеарна Kens 5 хабарлайды. Өрт көпқабатты Веджбуд Апартментс ғимаратында шыққан. Жедел құтқару тобы ғимараттан саты арқылы 75 адамды шығарып алған. Қазіргі сәтте өртті ауыздықтағанмен, ғимарат іші түтінге толы. Болжамдар болғанымен өрттің нақты шығу себебі анықталмай отыр. Жергілікті басшылықтың мәліметінше бірнеше адам түтіннен уланып, үш науқас өте ауыр жағдайда.