«Есіл» стансасында пойызды апаттық жағдайда тоқтатқан машинист қашып кетті

/uploads/thumbnail/20171215110536624_small.jpg

«Есіл» стансасына апаттық жағдайдаға тоқтаған пойыздың машинисі қорыққаннан қашып кетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып жазады.

«Түркісіб Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко аталмыш жағдайды телефон арқылы  айтты: 

«Машинист тежегішті дұрыс пайдаланбаған, барлық гәп осында жатыр. Пойыздың тежегішін дұрыс іске қоспағандықтан доңғалақтар жұбында ақау пайда болып, бұл пойызды ары қарай жүргізбей тастаған. Бұл жерде машинист кінәлі. Ол еш жерге қол қоймастан қашып кетті», -деді В. Рожко.

Осыған сәйкес, әлеуметтік желілерде «Алматы-Қостанай» бағытындағы №43 пойыз стансасында бірнеше сағаттан бері тоқтап тұр деген шағымдар жазыла бастады. «Түркісіб Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко пойыз ұзақ тұрмайтынын, көп ұзамай жолға шығатынын айтып, уәде берді. «Қазір ақауларды жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, вагондар тіркеліп жатыр. Пойыз 20 минуттан кейін жүреді»,-деді ол.

Қатысты Мақалалар