Кеше қартаң әйел көп қабаттың үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik-ке сілтеп жазады. Полиция қартаң әйелдің терезеден құлау оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, әйел қаланың 4-шағынауданындағы нөмірі 56-үйдің терезесінен құлаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.
"Жедел жәрдем станциясына хабарлама сағат 16:11-де түскен. Қартаң әйел дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған", — деп жазды басылым.
Оқиғаның себебі белгісіз.
Пікір қалдыру