Пойыз бекетіндегі қорқынышты көріністі әлі күнге дейін ұмыта алар емеспін

/uploads/thumbnail/20171220144556244_small.png

Солтүстік Кореядан қашып, артынша отбасын көшіріп алып келген әйел өзінің бастан өткерген қиыншылығын, КХДР-дың саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы туралы TedX сахнасында айтып берді.

"Бала кезімде Солтүстік Кореяны әлемдегі ең керемет ел деп ойладым. «Қызғанатын ештеңе жоқ» әнін айтып өстім. Мектепте Ким Ир Сеннің тарихын оқуға көп уақыт жұмсайтынбыз, ал өзге елдер туралы ештеңе білмедік. Тек Оңтүстік Корея, Жапония мен Америка біздің жауымыз екенін ғана құлағымызға құйып өсірді.  Шетелдегі өмір туралы ойлансам да, өмір бойы Солтүстік Кореяда тұрамын деп ойладым.  Алайда барлығы өзгерді. 

Елдің көзінше адамды өлім жазасына кескенін алғаш рет 7 жасымда көрдім.  Ол кезде де КХДР-дегі өмір мен үшін әдеттегі  күндердей өтіп жатты. Отбасым материалдық жағынан таршылық көрмеді. Жоқшылық, аштық дегенді білмедім.

1995 жылы анам жұмысындағы әйелдің әпкесінің хатын әкелді. Онда бұл хатты оқып отырсаң, отбасымыздың бес адамы өлім құшқаны. Біздің нәр татпағанымызға екі апта болды. Еденде жатырмыз. Бойымыздан күш кеткені сонша өлуге дайынбыз. Бұл хатты оқып есеңгіреп қалдым. Сол кезде алғаш рет менің елімде адамдар зардап шегіп жатқанын түсіндім.

Мен пойыз бекетінің жанынан өтіп бара жатып қорқынышты көріністің куәгері болды. Сол уақыттағы көрініс әлі күнге дейін көз алдымнан кетер емес. Жерде әйел қимылсыз жатты. . Ал оның әбден әлсіреген баласы анасына қарап жатты, бірақ ешкім оларға көмектеспеді. Әркім өз шаруасымен әлек.

90-шы жылдардың ортасында Солтүстік Кореяны аштық жайлады. Миллиондаған тұрғын аштықтан көз жұмды. Шөп, құрт-құмырсқа жегендер аман қалды. Электр тоғының жетіспеушілігі қатты біліне бастады. Түнде елді қараңғылық басатын" деп еске алады әйел.

Қатысты Мақалалар