Солтүстік кореялық солдат елдің батысындағы шекарадан Оңтүстік Кореяға өтіп кеткен. Бұл туралы РИА Новости Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды. Белгілі болғандай, КХДР солдаты бақылау-өткізу пунктінде бейсенбіде сағат 08.04-те болған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Солдаттың елден не себепті қашып кеткені, шекарадан қалай өтіп кеткені белгісіз.
Еске салсақ, дәл осындай жағдай қараша айында да орын алған болатын. КХДР-лық солдат Оңтүстік Кореяға қашпақ болып, 5 жерінен оққа ұшып жарақат алған.