Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында үш биге ескерткіш орнатылды (фото)

/uploads/thumbnail/20180103135902235_small.jpg

Мұғалжар аудандық сотының алдында орналасқан орталық саябақта Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Aktobenews.kz-ке сілтеме беріп.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы, аудан прокуроры, мемлекеттік мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Шараның барысында Мұғалжар аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ж. Сейтжапаров жиынға қатысушыларды «Үш би» ескерткішінің ашылу салтанатымен құттықтап, XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ұлы дала медиаторы атанып, аңызға айналған атақты үш би – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер туралы сөз қозғады.

үш би

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар