«Әлем Аруы-2015» байқауында Айдай Исаева көрермендердің алдына белгілі отандық дизайнер Аида Кауменованың байқауға арнайы тігілген ұлттық киім үлгісімен шығады деп хабарлайды nur.kz
Естеріңізге сала кетейік, Айдай Исаева 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтетін ең беделді сұлулық байқауларының бірі "Әлем Аруы-2015" додасына Қазақстанның атынан қатысады. Біз білетін 25 жастағы Айдай Исаева - Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі, сондай-ақ қазіргі таңда Алматы қалалық №1 емханада отбасылық дәрігер болып қызмет атқарып жүр. Байқауға дайындықты бұдан бірнеше ай бұрын бастап кеткен Айдай шетел тілін меңгеріп, жаттығу залына барып бой түзеген болатын. Енді міне, бақ сынайтын мезгіл де жақындап келеді..
Байқау 25 қаңтарда Майамиде өтетін болады. Және дәл сол күні тікелей эфирде Әлем аруы анықталмақ. Жеңімпазға тәжді Венесуэлалық ару Габриэла Ислер табыстайды.
Ендеше, біздің айдай сұлу Айдайға сәттілік тілеу ғана қалды!
Назерке Тоғжанова "Қамшы"сілтейді
Пікір қалдыру