2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындысы

/uploads/thumbnail/20171024124026955_small.jpg

Бүгін 2018 жылдағы Үкіметтің алғашқы отырысында  2017 жылғы əлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы секторы

2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 939,0 млрд. теңгені құрады және жеке тұлғаларға берілетін кредиттердің 12,7%-ға 4 552,4 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 2017 жылдың басынан бастап 1,8%-ға ұлғайды.

2017 жылғы қаңтар-қарашада жаңадан берілген кредиттердің көлемі
9 601,8 млрд. теңгені құрады және 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8,4%-ға өсті.

Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылғы қарашада 14,2%-ды құрады.

Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша а.ж. қаңтарда 17,4%-дан а.ж. қарашада 15,8%-ға дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша а.ж. қаңтарда
13,7%-дан а.ж. қарашада 13,0%-ға дейін төмендеу байқалып отыр.

Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2017 жылғы қаңтар-қарашада өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3,7%-ға 5 442,8 млрд. теңгеге (үлесі 56,7%) дейін төмендеді, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 29,9%-ға 4 158,9 млрд. теңгеге (үлесі 43,3%) дейін ұлғайды.

2017 жылғы қаңтар-қарашада жаңа кредиттер негізінен саудаға (3 720,0 млрд. теңге – үлесі 38,7%) және өнеркәсіпке (1 318,8 млрд. теңге – үлесі 13,7%) бағытталды.

Құрылысқа 373,9 млрд. теңге (үлесі 3,9%), көлік саласына – 338,4 млрд. теңге (үлесі 3,5%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 151,6 млрд. теңге (үлесі 1,6%) бағытталды.

Депозиттер 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 609,1 млрд. теңгеге жетіп, 2017 жылдың басынан бері 2,4%-ға төмендеді, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 5,3%-ға 9 683,3 млрд. теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері – 1,2%-ға 7 925,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2017 жылғы қазанда 50,8%-дан 2017 жылғы қарашада 51,6%-ға дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 1,0%-ға ұлғайып, 1 766,5 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2017 жылдың басынан бастап 2,1%-ға 19 375,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

2017 жылғы желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 331-336 теңге ауқымында құбылды, 2017 жылғы
қаңтар-желтоқсанда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 326,0 теңгені құрады.

Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

2017 жылғы 9 айда төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосы 4 591,3  млн. АҚШ долларын немесе болжамды ЖІӨ – ге қатысты (-2,9%) құрады (2016 жылдың 9 айында 6 031,0 млн. АҚШ долларын немесе ЖІӨ – ге қатысты (-4,4%) құрады).

Шетелдік инвестициялардың таза ағыны 2017 жылғы 9 айда 3 034,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 73,8%- ға төмен (10 590,6 млн. АҚШ доллары).

2017 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 69,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт43,1 млрд. АҚШ долларын (31,6%-ға өсу), импорт26,4 млрд. АҚШ долларын (15,8%-ға өсу) құрады.

2017 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы

 2018 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 11 674 159,1 млн.теңгені құрады және есепті кезеңге арналған жоспарға 101,4%-ға орындалды. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға өсу байқалады.

Мемлекеттік бюджетке кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 7 153 374,0 млн.теңге сомасында немесе 102,2% түсті, оның ішінде салықтар 101,4%-ға немесе 6 810 851,3 млн.теңгеге, салықтық емес түсімдер – 273 872,3 млн.теңгеге (118,9%-ға), негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 68 650,4 млн.теңгеге (130,4%-ға), трансферттер түсімдері – 4 414 317,4 млн.теңгеге (100,0%-ға) атқарылды. Бюджеттік кредиттер 102 717,4 млн.теңге сомасында (101,1%) өтелді, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 3 750,3 млн.теңгені (147,4%) құрады.

Республикалық бюджетке кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 5 012 255,3 млн.теңге сомасында түскен немесе 59 495,4 млн.теңгеге артығымен орындай отырып 101,2%. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 109,4%-ды құрады немесе 430 338,9 млн.теңгеге көп түсті.

Салықтар бойынша 37 070,3 млн.теңгеге артығымен орындалу негізінен импортқа ҚҚС есебінен қалыптасты – 20 279,7 млн.теңге, мұнайға салынатын ЭКБ – 73 009,7 млн.теңге, табиғи және басқа ресурстарды пайдалану есебінен түскен түсімдер  – 8 582,5 млн.теңге.

Өткен жылмен салыстырғанда салықтар 13,4%-ға немесе
572 141,6 млн.теңгеге өскен. Өсім 157 075,2 млн.теңге – импортқа салынатын ҚҚС, 167 306,9 млн.теңге – мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы, 99 907,0 млн.теңге – ПҚӨС болды.

Салықтық емес түсімдер бойынша 19 685,2 млн.теңгеге асыра орындау негізінен 10 306,0 млн.теңге - мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер (дивидендтер – 8 782,7 млн.теңге) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметалары) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар – 7 051,1 млн.теңге.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт 2 880 000,0 млн.теңге сомасында немесе жоспарға 100% тартылған.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 4 681 296,3 млн.теңге немесе есепті кезеңге арналған жоспарға 102,1% құрады. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға өсу байқалады.

Жергілікті бюджеттердің өз кірістері (трансферттерсіз) 2 142 082,5 млн. теңге сомасында немесе жоспарға 104,6% орындалды. Жоспардан тыс жергілікті бюджеттер кірістеріне 95 126,2 млн.теңге түсті.

Кірістер бойынша жоспар, орындалмауы 3 460,8 млн.теңге болған Маңғыстау облысын қоспағанда, барлық өңірлер бойынша артығымен орындалды.

Мемлекеттік бюджет шығыстары  13 129 478,9 млн.теңгені құрады және есепті кезеңге арналған жоспарға 99,7% атқарылды, оның ішінде шығындар – тиісінше 12 485 378,1 млн.теңге немесе 99,7%, бюджеттік кредиттер – 304 168,7 млн.теңге немесе 100,0%, қаржы активтерін сатып алу – 339 932,1 млн.теңге немесе 100%.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы 2017 жылы 1 455 319,8 млн.теңгені немесе ЖІӨ-ге 2,8% құрады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға 1 455 319,8 млн.теңге, оның ішінде қарыз түсімдері есебінен – 1 805 068,3 млн.теңге, қарыздарды өтеу – 394 477,7 млн.теңге, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары – 44 729,2 млн.теңге.

Республикалық бюджет шығыстары 11 156 277,2 млн.теңгеге жасалды немесе 99,8%. 21 079,4 млн.теңге атқарылмады, оның ішінде 2 324,2 млн.теңге үнемдеу сомасы, 3 445,6 млн.теңге – бөлінбеген резерв. 15 309,7 млн.теңге игерілмеді.

2017 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 1 356 975,1 млн.теңге немесе ЖІӨ-ге 2,6% құрады.

Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға 1 356 975,1 млн.теңге, оның ішінде қарыз түсімдері есебінен – 1 718 245,7 млн.теңге, қарыздарды өтеу – 394 477,7 млн.теңге, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдығының сомасы 33 207,1 млн.теңге.

2017 жылы республикалық бюджеттен өңірлерге 1 037 992,8 млн.теңге нысаналы трансферттер бөлінген. Жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша нысаналы трансферттер сомасы  1 032 640,0 млн.теңге немесе 99,5%, оның ішінде ағымдағы 463 755,5 млн.теңгеден – 463 414,4 млн.теңге немесе 99,9%, даму бойынша 574 237,3 млн.теңгеден – 569 225,6 млн.теңге немесе 99,1%.

Орындалмау сомасы 5 352,9 млн.теңге құрады, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу 1 323,2 млн теңге.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар