Павлодарда әйелді баласымен қоса қағып кеткен жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

/uploads/thumbnail/20170708164513813_small.jpg

21 қаңтарда Павлодар көшелерінің бірінде қара түсті « Субару Форестер» маркалы көлік жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолымен бесік арбасымен өтіп бара жатқан әйелді қағып өткен болатын.

Жол талғамайтын жеңіл көлік жолдың айрығына жартылай шығып қалған да көрінеді. Бұдан кейін жүргізуші тоқтамай, із суытады. Жол оқиғасы салдарынан 29 жастағы Зарина Жаншүкова есімді азаматша оның Мирас есімді нәрестесі түрлі жарақатпен ауруханаға түседі. Зардап шеккен азаматшаның жұбайы Азамат Жаншүковтың айтуынша, кінәлі түнгі сағат 23:00 шамасында кешірім сұрап алдарына келеді.

«Қатты қобалжыдым, болған жәйтқа сенгім келмеді,сол себепті де оқиға орнынан дереу кетуді жөн көрдім,»-деп кешірім өтінді деді жұбайы. Азамат Жаншүков ( жапа шегушінің жұбайы): Мені қынжылтатыны басқа нәрсе,не себепті жол полиция қызметкерлері 7 сағат бойы кінәліні таба алмады,тіптен бұл оқиға бейнетаспаға түсіп те қалған еді .

Азамат Жаншүков ( жапа шегушінің жұбайы): Алғашында жол полиция қызметкерлері бізге көлік тізгінін ұстаған ер адам деген болатын, енді міне әйел адам болып шықты. Білуімше,бұл азаматша ҰҚК-ның немесе ІІД-і қызметкерінің жұбайы көрінеді.

Алайда ..

Бұл мәліметтерді полиция қызметкерлері жоққа шығарып отыр. Қалай десек те,бастысы,сәби мен ана жағдайы тұрақталып келеді. Зарина Жаншүкова қазір ауруханада, дәрігерлер оның жарақаты орташа деңгейде деп отыр. Бас сүйегіне зақым келген, омыртқасы сынған. Ал 6 айлық Мирас қазір үйінде,аман-есен..

Енді міне,осы жан түршігерлік жағдайға байланысты  42 жастағы айыпталушының үстінен Қылмыстық кодекстің 14 тарау 345 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша,егер де дәрігерлер жапа шегушінің жағдайы орташа деңгей деп бағаласа, айыпталушының жазасы жеңіл. Не 600 мың теңге көлемінде айыппұл, не 75 тәулік бойы қамауда болады.

https://www.youtube.com/watch?x-yt-cl=84503534&v=kySE4X5-LdQ&x-yt-ts=1421914688&feature=player_embedded

Назерке Тоғжанова «Қамшы» сілтейді

Қатысты Мақалалар