Құлдың арманы

/uploads/thumbnail/20170708164514054_small.jpg

Қазақтың бүгінгі ауруы үш ғасырға жуық орыс империясының отарында болудың нәтижесінде пайда болды. Осы кезең ішінде қазақ халқы өзінің еркін ойлы, кемеңгер, елдің ертеңін ойлайтын асылдарынан айырылды. Орыстардың қолымен істелінген отаршылдық қитұрқы саясат өз дегеніне жетті. Сөйтіп, ол қазақ халқының біраз бөлігінің ойлау жүйесіне құлдық психология «вирусын» егіп кетті.

Қазақтың бүгінгі негізгі ауруы, оның қанына, сүйегіне сіңген құлдық психология қазақтардың бойынан қандай сипатпен белгі береді? — Құлдың арманы — қарнын тойғызу; — Құлдың бақыты — қарны тойғаннан кейін күндіз-түні ұйықтау; — Құлдар бірін-бірі менсінбей, бір-біріне сенбейді; — Құл мақтауды жақсы көреді; өтірік мақтанды шын көріп, соған марқаяды. — Құл өзін басқалардан ақылды санайды. — Құлдар дарақы келеді. Олар өзінің ойын, сөзін, көзқарасын, мимикасын, дене қимылын, іс-әрекетін үнемі бақылап, қадағалауда ұстай алмайды; — Құлдар бірін-бірі қолдамайды, бастары ешқашан бірікпейді. — Құл өзіне жұмыс, тамақ берген адамды қожайын санайды және одан өлгенше қорқады; — Құл қожайыны бұйрық берсе, кез келген адамға жала жабуға, басқа да озбырлықтарға, тіпті, өлтіруге дейін барады; — Құл қожайындарының қас-қабағын бағып, олардың ойын айтқызбай орындауға ұмтылады; — Құлдар қожайындарына тілін үйреніп, тіпті, олар жоқ болса да, өзара сол тілде сөйлеседі; оны олар зор мәртебе, мақтаныш көреді. — Қожайын үшін ең жақсы құл, ол — өз тілін, дінін, ділін ұмытқан құл; — Құл қанша күшті, денсаулығы зор болғанына қарамастан, жалтақ, қорқақ болады, себебі оларда рух, намыс, жүрек жоқ; — Құлдар қожайындары ауыздарына «шайнап» салып берген проблемаларға құмар келеді; оларды құлақ қақпай орындауға пейіл болады. — Құлда ұят, ұлттық сезім жоқ, қожайындары өзін, елін қалай атаса да, соған көнеді. (Мысалы «баран», «мәмбет», «киргиз-кайсак», «казах» т.с.с.); — Құл өкпешіл келеді, жоқ нәрсеге өкпелейді, бірақ олардың бәрін тез ұмытып кетеді. — Құлдарды бір-біріне айдап салу оңай: оны қожайындары жақсы қолдана біледі, жоқ жерден проблема тудырып, оны екі жақты өрбітіп, қоздырып, әбден «шайнап» екі топ құлдың аузына салып беріп, оларды бір-біріне айдап салады.

Белгісіз автордан келген хат

Дереккөз: kazakhstanzaman.kz

Қатысты Мақалалар