Сауд Арабиясы жалғызбасты әйелдерге виза беретін болды

/uploads/thumbnail/20180112103423619_small.jpg

Сауд Арабиясы үкіметі визаны 25 жастан үлкен, ер адамсыз саяхаттайтын әйелдерге беретін болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org-қа сілтеме беріп хабарлайды.

 Жаңа заң 2018 жылдың басынан бастап іске асады деп күтілуде. Бір реттік визаны 30 күнге береді.

Осыған дейін, әйел адамдар Сауд Арабиясына кіру үшін туысқан болып келетін  ер адамның қасында еруімен жүруі керек еді. Енді бұл заң тек 25 жасқа жетпегендерге қатысты болады.

   Сауд Арабиясында бірнше ай бойы қарқынды өзгерістер орын алып жатқанын байқауға болады. Мұхаммед бин Сальман ханзада әйелдерге көлік айдауға, өз еркінше қоғамдық орындарды аралауға рұқсат беретін заңнамалар шығарған.

Қатысты Мақалалар