Ақылды балаға «Ақылды қоян» керек

/uploads/thumbnail/20170708164531035_small.jpg

Қытайдағы қандастарымыз ұлтты құтқарудың бір тетігі жоғары технологиялы оқу құралдарын жасап шығару ісін мықтап қолға алған сыңайлы. Жақында Шыңжаң өлкесінің Санжы қаласында «Меңтай» электорнды ЖШС балаларға арналған жаңа электронды оқу құралы «Ақылды қоянды» базарға шығарды.

Қытайда тұратын қандасымыз Қанатқан Әбілғалиұлының басқаруындағы «Меңтай» ЖШС-ның өндірген 3-12 жас аралығындағы өспірімдерге арналған «Ақылды қоян» деп аталатын электронды оқу құралы мына мазмұндарды қамтиды:

aqyldy qoian-04

Тақпақ: Көлемі 800 шумақтан тұратын 88 түрлі «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер» тақпақ бар.

Ертегі: Қазақ халық ертегілері мен шетел халықтарының ертегілерін қамтыған 130 ертегі бар.

Білгенге маржан: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет, тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық өнімдер, тағам мәдениетіне қатысты 1500-ге жуық атауға түсінік берілген. Сонымен қатар мақал-мәтел, жаңылтпаш, ырымдар мен тыйымдар, Абай өлеңдерін қамтыған 500-ге жуық мазмұн бар.

Ағылшынша ән үйренейік: 200-ден астам тағы ағылшынша, қытайша әндер қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік, «Меңтай» ЖШС бұған дейін «Дана» қаламы арқылы оқытылатын «Дыбысты әліппе», «Негіздік ағылшын тілі», «Бастауыш мектеп оқулықтарын оқыту құралы» сынды өнімдер шығарған болатын.

Бай мазмұнына жараса, құрылғы да балалардың эстетикалық талғамына шақталып жасалған. «Ақылды қоянның» түсті шырақтарынан шыққан құбылмалы нұр түнгі аспанды елестетіп, балаларды қиял көкжиегіне бастаса, бүктеліп ұстауға икемді құлақтары балалардың назарын өзіне аударып, бірден баурап әкетердей әсем жобаланған.

mmexport1422294209118

Жоба авторы – ұзақ жылдары ағарту саласында тер төккен педагог, белгілі ақын Қанатқан Әбілғалиұлы.

Ағарту ісінің қыр-сырын қанық білген жоба авторы талмыш құрылғының ішкі сапасы да жан-жақты ойластырып, білікті мамандардың «сүзгісінен» өткізіпті.

Дыбыс бергендер де дауысы тыңдармандардың құлақ құрышын қандырған белгі дикторлар, акторлар мен әнші тұлғалар. Мәселен; Жанар Сайланбекқызы (Қазақ радиосының белді жүргізушісі), Қайникамал Жолымбетқызы(Шыңжаңдағы Қазақ радиосының «күміс көмей» дикторлары), Серғазы Төлеуханұлы мен Жайна Ғинаятқызы(Шынжаң телеарнасының белді дыбыс акторлары), Ғизат Сәкенұлы(Шынжаң қазағына танымал композитор, әнші).

Редакторлары белгілі жас ақын, журналист Оразбек Сапархан, ақын Қабыкен Зейнұралин.

Дыбыс сапасына да аса жоғары технологиялық әлеуетпен жазылған. Басым көп бөлігі Қазақ радиосында дыбысқа жазылса, қалғандары Ғизат Сәкенұлы жеке студиясы және Қалысбек Бабанұлының жеке студиясы сынды озық технологиясы бар студияларда дыбысталған.

Жоғары сапада, балаларға залалсыз, бағасы қолжетімді. Жоба авторы Қ.Әбілғалиұлына арнайы қабарласқанымызда жас ұрпақтың бойына қазақы дүниетаным қалыптастырып, бойларына қазақы «қан жүгіртуді» көздеген бірегей өнімімізді қазақ еліне шығарудың мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Нажатбек НҰРСАПА

Қатысты Мақалалар