Қазақстандық жазушы Герольд Бельгер ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалап отыр.
"Герольд Бельгердің жағдайы өте ауыр, оның жанында әйелі отыр, барлық сұрақтарыңызды соған қойыңыздар", - деді дүйсенбі күні президент іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміндегілер.
Белгілі болғандай, жазушы Бельгер ауруханаға 21 қаңтарда 6-шы инфаркт нәтижесінде түскен.
80 жасар Герольд Бельгер - қазақтың танымал прозаигі, аудармашы, публицист, қазақ, орыс және неміс тiлдірендегі 60-тан астам кітап пен 2 мыңнан астам жарияланымдардың авторы.
"ҚазТАГ"