Айналайын Тәңір берген бағыңнан

/uploads/thumbnail/20170708164532002_small.jpg

             "Қазақ елі - 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне!   

  Ашылғанда тарихтың беттері, Ой салады өткені мен кеткені. Қарашадан «Хандық» құрған қазағым, Кешті небір қиын күнді, өткелді.   Әр ғасырдың берері бар шындықтан, Құтылсада үстемдік пен құлдықтан. Сыр шертеді ұрпағына әлі де, Талай тарих бүркелуде құм жұтқан.   Текке кетпес тірлігіңде әр ісің, Тәңір қолдап биіктесің, әлдісің. Бес жүз елу – «Хандығыңа» жыл толды, Бар әлемге жар саласың, бәрі шын.   Әр хандықтың орны бөлек- билік те, Өз ішінен туды талай бүлік те. Құлатпады жоғары ұстап ұлт рухын, Құлатпады мәртебесі биікте.   Жерің мынау ұланқайыр көз ұшы, Әр қазақтың өзінде боп өз ісі, Жүргені жоқ, келмейтінін біледі, Біреулердің құлдығына төзгісі.   Қаны, жаны ұлтпен бірге тулаған, Қолда найза, қылыш – туы бұлғаған. Батыр баба, асыл тектің жалғасы, Байтақ жерді ұрпағына қорғаған.   Жылдар  куә, ұрпақ білер өткенді, Ұмытпайды таусылғанша от демі. Сын тарих ғасырларға  қалдырды, Сан жоғалтып, сан тіктеген өлкені.   Қайран елім шашырады шаң қауып, Төніп жатты тағдырына сан қауіп. Бірі қорғап жерін жатыр атойлап, Бірі кетті ұрпағы үшін жер ауып.   Бұл қазағым мың жығылды, мың тұрып, Жатсадағы жүрегінде мұң тұнып. Қайсарлығын таудан алған сияқты, Қайтпастығы қара жердей тұр тұнық.   Мойындамай өтті тегің басқаны, Атылса да, шабылса да бастары. Тілектері ұрпағына ұран боп, Қалды солай, ашық енді аспаны.   Қиындықты бастан кешпей ел болмас, Отанына еңбек етпей ер оңбас. Тауелсіздік – бағы болсын қазақтың Жерің аман, жер кіндіктес, жер жолдас.   Баянды боп қазақ елің, елдігің, Көк туыңды көкке көтер енді мың. Жер астында жатса қанша байлығың, Жер бетінде асқақтасын ерлігің.   Емес мынау тәуелсіздік алғашқың, «Хандық» құрдың, биік тұрдың, арбастың. Соның заңды жалғасындай мына күн, Әлем тыныш, бейбітшілік жалғассын.   Тарих әрі елдің берік іргесі, Төр менікі деп көз алартпас кірмесі. Ас ішіліп, аяқ созар той емес, Ұлттың әр кез биік тұрар мүдесі.   Құт-береке маңдайына жазылған, Біздің қазақ түскен емес тағынан. Жерің байтақ, елің дана, қастерлі, Айналайын Тәңір берген бағыңнан!!!    lazzat Igisin   Ләззат ИГІСІН Алматы қаласы    

Қатысты Мақалалар