6 айда алатын «Азаматтыққа» 6 жыл құжат жиямыз ба?

/uploads/thumbnail/20170708164532350_small.jpg

ҚР Парламентінің Мәжілісің аппараты 2015 жылдың 6 қаңтар күні ҚР үкіметінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы қаулыны қабылдап алған еді. Бұл туралы хабар алынғаннан бастап көптен күткен тілегіміз орындалғандай болып, бар ағайын бір қуанып қалғанбыз.

Алайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігі Көші-қон полициясы департаменті бастығы Е.Сайыновтың журналист Бейсен Ахметұлына берген жауабы көңіл көншітпеді( http://qamshy.kz/?p=17996).  Қазақ тілінде жазсада адам түсінбестей жазылған хаттан бір білгеніміз -қандастарымыз тағыда азаматтық алу үшін бітпейтін екі қағазға келіп тірелетінін байқауға болады. Азаматтық алатын қазақтарға кету парағы мен азаматтықтан шығу жөніндегі анықтама Қытай халық республикасынан келген қандастар үшін азаматтыққа өтпей-ақ қойыңдар деген сөзбен бірдей. Себебі ол елде басқа елдің азаматтығын алмай тұрып өз азаматтығынан шығармайтын заң бар. Бұл туралы белгілі қоғам белсенділері талай мәрте үкімет пен парламентке түсіндіріп хат жазған болатын, одан хабарларыңыз бары анық.

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттарына айтарымыз – дәл осындай ең маңызды мәселелер шешім таппаған заң жобасы көші-қонға ешқандай өзгеріс әкелмейді. Аталған заңда 6 айда азаматтық алуға болады делінгенмен, онда 6 жылда жинап бола алмайтын жоғарыда атағанымыздай қитұрқы құжаттар бар.  Яғни аты бар, заты жоқ заңды Үкімет жазып, парламент қабылдағаннан не қайыр? Сондықтан әліде кеш емес. Талдап, таразылап, шетелдегі 5 миллион қазаққа Атажұртына келетін даңғыл жолды көрсетіңіздер. Келетіні келер, келмейтіні қалар. Біз қолымыздан келгенімізді жасайық. Жат ел адымдарын аштырмасада, біз ұлт алдында, ұрпақ алдында осынау «Ұлы көштің» аяғынан шалуға қақымыз жоқ.

 

Тұрдыбек Құрметхан

Қатысты Мақалалар