Кеше ҚР Энергетика министрі Школьниктің Мәжілісте жасаған баяндамасында министрдің аузымен айтылған сөз еліміздің экономикалық даму заңдылықтарына қайшы!Ол бір сөзінде "Ресейден АРЗАН ЖАНАРМАЙ ӘКЕЛСЕК, ОЛ БІЗДІҢ НПЗлардың жағдайын ауырлатады" деді. Бұл сөзді екі жағынан қарастыруға болады. Біріншіден, әлемде мұнайдың өзіндік құнының арзандауына байланысты Ресейде жанармай арзандады. Бір қызығы осы жанармайды Ресейден тасымалдап әкелгеннің өзінде ол біздің осы күнгі жанармай бағасынан (109) арзан болады екен. Ондай арзан жанармайды Қазақстанға әкелуге Школьник неге қарсы! Ресейдің арзан жанармайы келсе, былтыр егіндері қар астында қалған егіншілерге біраз жеңілдік болады. Екіншіден, саудадағы азық-түлік, тауарлардың, көкөністердің бағалары төмендейді. Өйткені бұрынғы бағалардан тасымал құнын азайтуға тура келеді. Яғни, Ресейдің арзан жанармайының Қазақстанға келуі елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етуі мүмкін. Міне, осы тұрғыдан келгенде Школьниктің парламенттегі сөзі экономикалық даму заңдылықтарына қайшы! Бұл бір. Екіншіден, біз әлемдегі ірі мұнай өндірушілердің біріміз. Солай десек те, Қазақ мұнайының шетелге, Ресейге және басқа елдерге өте арзан бағамен сатылуы көңіл көншітпейді. Сөйтіп отырып, Ресей НПЗлары қазір өте төмендетілген бағамен жанармай шығарып жатыр. Ал, қазақстандық НПЗлардың өте жоғары бағада жанармай сатуына не себеп? Үкіметке Қазақ НПЗларының арзан бағамен мұнай алып отырып, неге қымбат жанармай шығарып отырғанын тексеру қажет! Сөйтіп, Школьник Ресейден біздегіден көп арзан жанармайдың әкелінуіне неге қарсы, Қазақстандағы НПЗ лар арзан мұнай алып отырып, неге қымбат жанармай шығаруға мүдделі! Осы мәселелер Мәжілісте қаралғаны жөн ақ еді!
Жұмат Әнесұлы