Сот Алматы базарларының біріне Жамбыл облысының Шу ауданынан 105 келіден асатын марихуана әкелмек болған азаматқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының сайты жазды.
Жол полициясы қызметкерлері Шу-Астана тас жолында жалпы салмағы 105 келі 720 грамм болатын кептірілген марихуананы Алматы базарларының біріне 100 мың теңгеге жеткізіп бермек болған Шу ауданының тұрғынын ұстаған. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы аса ірі көлемде есірткіні заңсыз иемденгені, тасымалдағаны, және сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, дүние -мүлкін тәркілеумен қатар, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.