Пендешілік пен адамгершілік

/uploads/thumbnail/20170708164554303_small.jpg

Адам болып келдім өмірге, адам боп өтсем тілегім!

- Жәнібек Кәрменов

Адамгергшілігі жоғары, пендешілігі көп деп бағалап жатады адамды. Адамды адамгершіліктен кетіретін екі кесел (ауру) бар ма деймін.

Көп қатерлі аурулар сияқты бұл кеселдер де мысқалдап кіріп, адам баласы оны өз мінезіне сынмен қарап, танып, одан дер кезінде құтылмаса батпандап басып, жазылмас қатер, басына сор болады.

Біріншісі- Мақтан! Жарайсың, молодец, жігіт екенсің деген сөздерді ести ести: мықтымын ау, ақылдымын ау, көп елден озықпын ау деген ойлар бекіп, содан ары – елдің айтса аузында, көрсе көзінде, жиналса биікте, топ алдында жүрсем деген кесел пайда болады. Мақтан деген наркотик сияқты әсер етеді екен. Тілеп тұрасың! Ең жаман жері онда түп жоқ, тойым жоқ ! Әлемге атағы шыққан адамдар да тоймаған күйлері өмірден өткен! Сол үшін адамгершіліктен ада болып пенделік (адамгершіліктен ада болу) әрекеттерге көп барған!

Екіншісі- Дүние. Басында қарапайым көлігім, шағын үйім болса, біраз малым ( дүкенім, компаниям, цех, фабрикам) болса дегеннен басталады да, ары қарай түпсіз шексіз кете береді, кете береді! Ресейдің “Золото” деген киносында өте жақсы көрсете білген екен (интернетте бар).Дүние жүрекке түскен соң адам пенделіктен төмендеп небір зұлымдыққа да барады. Оны тарихтан, қазіргі өмірден де көріп жүрміз.

Осы сияқты кесел бойын жайлаған пенденің жүрегінде тыныштық, өмірінде баян болмайды екен. Талай ғұламалардың айтып кеткен сөздері ғой... Аяғы сынып, төсекте жатқан адам пәлсапашыл болып кетеді екен)))).

Ахметбек Нұрсила(Facebook парақшасынан)

Қатысты Мақалалар