Жаңа формат: Қытай азаматтарына су құбырында тұру ұсынылды (фото)

/uploads/thumbnail/20180124235445340_small.jpg

Күннен-күнге түрлі форматта салынған ауданы кішкентай  ықшамды үйлер көбейіп, ондай үйлерге деген адамдардың сұранысы артып келеді. Түрлі құрылыс компаниялары да мұндай үйлерден тұратын толық мегаполистерді салуды қолға алуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қытай

Мысалы, Қытайда мұндай үйлер су құбырынан салынып жатыр.

Қытайлық James Law Cybertecture компаниясы әдетте су жүргізу үшін пайдаланылатын бетоннан жасалған құбырлардан үй салу жұмысын бастап кеткен. Мұндай үйлерді қазіргі таңда OPod Tube House деп атайды екен. Мұндай үйлер ірі қала орталықтарынан пәтер алуға шамалары жетпейтін, бірақ заманауи үлгідегі үйде тұрғысы келетін адамдарға арналған, көлемі өте шағын болып келеді.

Қытай

Әдетте олардың орташа аудан көлемі 9,3 шаршы метрді құрайды және ол бір немесе екі адам үшін таптырмас тұрақ-жай болып табылады. Құбыр диаметрі 2,5 метрді құрайды, мұндай үйлер тым кішкентай болғанымен, мұнда ыңғайлы өмір сүруге әбден болады. Құбырдан салынған үйлердің ішінде жиналатын төсек орны мен кішігірім ас үй және де жуынатын бөлмесі бар.

Қытай

Бұл жобамен жұмыс істеген Джеймс Лоу есімді сәулетшінің айтуынша, кішігірім құбырдан салынған үйлер өздерін пәтермен қамтамасыз ете алмай жүрген жас отбасылар үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, мұндай үйлерді билік өкілдері көші-қон мәселесін реттеу үшін де пайдалана алатындығын атап өтті.

Қытай

Құбырдан салынған мұндай үйлердің салмағы шамамен 22 тоннаны құрайды, алайда бұл оларды орналастыруға кедергі келтірмейді. Ал егер де мұндай үйлерден толық бір аудан құрайтын болса, олар өзара бір-бірімен жақсы бірігіп тұра алады екен.

Қытай

Қытай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар