Қытайдағы қазақтың 90%-дан астамы елге көшіп келгісі келеді

/uploads/thumbnail/20170708164635327_small.png

Қазақ Егмен ел болғаннан бастап көші-қон мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі күнде шетелде, әсіресе Қытай елінде тұрып жатқан қандастарымыздың бұл мәселеге ойы қандай, олар Қазақ еліне көшіп келгісі келе ме деген сұрақ төңірегінде жасалған әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі шықты.

8k4WwTvTg6M

Wechat әлеуметтік желісі арқылы жүргізілген сауалнама бойынша Қытайдағы қандастарымыздың Қазақстанға қаншасының көшкісі келетінін тексерген. Сауалдама 29 қаңтардан 2 ақпанға дейін «Қазақстанға көшу керек пе?» деген сұраққа «Көшу керек» деп 6071 адам дауыс беріп, 79% қатысушының Елге көшуді ойлап жүргені, «Керек емес» деп 671 адам дауыс берсе, 8% қатысушы қытайдағы қазақтың елге оралуға әлі дайын емес екенін көлденең тартқан. «Маған бәрі бір» батырмасын 896 адам басқан, 11% дауыс беруші нақты бір шешім қабылдамағанын білдірген.

Wechat әлеуметтік желісінің қытайдағы қолданушылар ортасындағы танымалдығы Facebook желісінен кем емес екенін ескерсек, бұл сауалдама нәтижесі шыныққа жанасады деп сенімді түрде айтуымызға болады. Көші – қон заңдарымыз кемелденіп, елге келем деген қазақтың жолы ашылып бір шаңырақ астына жиналуымызды нәсіп етсін!

Тұрдыбек Құрметхан

Қатысты Мақалалар