Тәуелсіздік тұғырым

/uploads/thumbnail/20170708164635977_small.jpg

Таңым атты арайлап қарсы алатын, Барлық елдер қайран қалып тамсанатын. Елдігімнің тірегі – Тәуелсіздік, «Мен қазақпын!» деп әлемге жар салатын.   Мен, мен едім, мен едім байтақ елмін, Келеді «Қазақпын» деп айта бергім. «Елім-ай» деп еңіресе кеше халқым, «Абылайлап» өмірге қайта келдім.   Мақтанбайын қазақпын деп неге мен, Халық болдық Тәуелсіздік, Егемен. Ырыс, бірлік қонған менің төріме, Бақыт нұры сәуле шашып төбеден.   Сан ғасырлар болды емеспе бір арман, Азат халқым өсіп-өніп өрлесе. Бүгінгі ұрпақ бақытты өмір сүрер ме еді, Ата-бабам қан мен жанын бермесе.   Дінім, ділім, тілім менің тірегім, Тек Отан деп соқсын сенің жүрегің. Тәуелсіздік болғай сонда мәңгілік, Жаратқаннан тек осыны тіледім.   Артта қалды тар заман, азапты күн, Бейбітшілік елімде, азат бүгін. Кеше кім едік, бүгін міне ел болдық, Енді бүгін танымайды қазақты кім?  

11 Қойлыбаев Нұрлан Назарқасымұылы

ОҚО, Мақтарал ауданы «Тың» елді мекені

Қатысты Мақалалар