Қамаудағы парақор-шенеуніктерге 2015 жылы кешірім жасалуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708164644362_small.png

2015 жыл мемлекеттік қазынасына қол сұғып, белгіленген нысандарға бөлінген қаржыны қалтаға басам деп темір торға тоғытылған парақор шенеуніктер жаппай бостандыққа шығуы мүмкін деген хабар таратты 365infо.kz сайты.

Жаңа Қылмыстық кодексте осындай кеңшіліктер қарастырылған. Себебі жаңа Қылмыстық кодексте парамен ұсталғандарға жеңілдіктер қарастырылған-дейді адвокат Джохар Утебеков. Пара сомасының көлемі қанша болмасын сот айыппұл салумен шектеледі мыс. Тек қылмыскер салынған айыппұлды төлей қоя ма деген сұрақ туындайды. Қалай болған күнде де ол бас бостандығынан айырылмайды. Ал қазіргі ҚКде көрсетілген айып қатал. Парақор қанша көлемде ақшамен ұсталса да міндетті түрде темір торға қамалатын ед. Ал жеңілдетілген ҚК іске асатын болса қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан барлық парақорларға бостандыққа шығуға үлкен мүмкіндік туады дейді Утебеков. Алайда қылмыскерлердің жазасының жеңілдетілуі сот орындаушыға байланысты екені мәлім.

Қай "дөкейдің" ісі қайта қаралуға жіберілуі мүмкін?

Мысалы 70 мың долларды жымқырам деп ұсталған Жоғарғы соттың экс төрағалары Сайлаубек Жәкішев 12 жылды жүктеген болса, оның сыбайласы Алмас Ташенов 10 жылды арқалаған ед. Немесе әріптесін мемлекеттік қызметке орналастыру үшін 80 мың доллар пара алам деп қамалған, сол қылмысының жазасына 10 жылды арқалаған Кеден комитетінің бұрынғы бастығы және ІІД бұрынғы министрі Серік Баймағамбетов пе? Жеңілдіктен үміткерлердің қатарында АРЕМнің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов та бар. Ол 300 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Не де болса айласын асырып, көп асймын деп жоқ асаған парақор шенеуніктердің күні оңынан туатын болды. Алдын ала жорамалдарға сенсек амницияға іліккендердің алдыңғы легі ақпан-наурыз айларында бостандыққа шығып қалуы ықтимал.

Нұркелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар