Атырау облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлері халықаралық және қалааралық жолаушы тасымалын жүргізетін адамдардан заңсыз жолмен ақша алумен айналысқан топты ұстады. Бұл туралы newtimes.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Топ мүшелерін 31 қаңтарда ұстаған. ҰҚК-нің мәліметінше, олар пара алумен екі жыл бойы айналысқан. Әрбір жүргізушіден 5-25 мың теңге көлемінде пара алған. Сонымен бірге ұсталғандар дәстүрлі емес діни ағым «сәләфизмді» ұстанғандығы анықталды. Топтың алты мүшесіне қатысты «қамауға алу» шарасы қолданылды.