Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресей думасының жоғарғы кеңесіндерепарациялық шығын мөлшерін есептейтін арнайы комиссия құрылды деп мәлімдеме жасады дума депутаты, ЛДПР фракциясы мүшесі Михаил Дегтяров.
ҰОС кезіндегі фашистік Германия тарапынан бұрынғы кеңес өкіметіне келтірілген Репарация яғни, жеңілген мемлекеттің жеңген мемлекетке соғыс шығынын толық немесе бөліп төлеу шығыны әлі күнге төленбеген.
Балтық елдері келісімі бойынша қанды жылдары кеңес әскерлері неміс активтерінен (жиһаз, зауыттық техникалар мен киім-кешек) иемденген. ГДР мен Ресей арасындағы мемлекетаралық баййланыс нығайып, репарация күшін жойған. Ал қазіргі жағдайда батыс елдері тарапынан, соның ішінде неміс канцлері А.Меркелдің Ресейге, Еуразиялық одаққа қарсы бағытталған санкциялары толастар емес. Бұл екі елдің арасына түскен сызат бұрынғы жараның бетін тырнағанмен бірдей дейді М.Дегтяров.
Депутат Германия тарапынан бұрынғы Кеңес өкіметінің өкіл-мұрагері ретінде Ресейге төленетін репарация шығынының көлемі 3-4 трлн евродан кем болмауы тиіс деп көрсеткен.
Халықаралық сарапшылар арада 70 жыл өткенде репарация шығынын төлету алу ақылға сыйымсыз. Бұл тек мемлекетаралық келіммен ғана жүзеге асуы мүмкін деген пікірде.
Ал, Неміс канцлері А.Меркел ешқандай да репарация шығыны туралы сөз қозғалуы мүмкін емес. Қозғалған жағдайда да біз төлемейміз дейді.
Егер ресейлік шенеуніктер тарапынан қойылған талапты халықаралық ұйым мақұлдайтын болса, жоғарыдағы көрсетілген шығынпұлдың ішінде Қазақстанның да үлесі бар екені анық. Соғыс жылдары кеңестік майданға Қазақстаннан 1 196 164 адам аттанған болса, солардың тең жартысы опат болған. Майданда ерлікпен қаза тапқандардың 430 мыңының сүйегі далада қалған. Сол бір зұлматты жылдары майданға атылған әр 9-оқ Қазақстанда жасалған. Ендеше төленуі мүмкін 4 трлн. евродан Қазақстанның да үлесі болуы тиіс деуге негіз бар.
Нұргелді Әбдіғаниұлы