«Sulpak» техникаларында хорват тілі бар, қазақ тілі жоқ

/uploads/thumbnail/20170708164702622_small.jpg

Алматыда "Сұлпақ" тәрізді үлкен сауда компаниялары бар. Аталмыш компания негізінен Қытайдың тауарларын сатады. Қытай демекші, осы сауда орталығынан смартфон, айфон, планшет сияқты техника түрлерін алушылар көп. Соның көбі - қазақтар. Ал, осы техникаларды алушылар қазақ болғасын , оның тілі де қазақша болу керек қой! Мен баламыз бен екеуміз екі күн "Сұлпақты" аралап, бірде бір "қазақша" тілі бар планшет таба алмадық. Дәл осы себептен көптеген қазақ жастардың қолында жүрген телефондарда "қазақ әріпі" жоқ. Содан көп қазақ зардап шегіп жүр. Бүгінгі жастар сол себепті өздерінің қалта телефондарынан интернетке ("Твитке", "Фейсбукке", "Майл.ру. эл.поштасына) шыққанда орыс әріптерін пайдаланып жүр. Бұл қазақ тілі грамматикасының өрескел бұзылуына жол беруде. Осы мәселені анықтау үшін мен Бірінші каналдағы "Тұтынушылардың құқығын қорғау" бағдарламасына тел. соқсам, олар мені Алматыдағы "Тұтынушыларды қорғау Лигасына" жіберді. Ал, олар мені тағы да Алматы қаласындағы Юстиция бөліміне жіберді. "Өйткені" дейді, олар "Қытайдан келетін тауарларда қазақ тілінің болуын, болмауын солар шешеді" дейді. Сонымен мені мекемеден мекеме "доп" қылып қуып жүр. Ал, телефондар мен планшеттердегі қазақ тілінің мәселесін, тіпті құқығын шешетін, әрі қорғайтын мекеме таба алмай шаршайтын түрім бар. ҚЫТАЙ ШЫҒАРҒАН ПЛАНШЕТТЕРДЕ ХОРВАТ ТІЛІ БАР, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖОҚ. Шамасы, Қытай көрші отырған қазақты онша елемейтін болғаны ау! Ендігі мәселе, Қытайдан келетін тауарлар планшет, смартфондар мен компьютерлердің қазақ тілі әріптерін орнатылуын (программасын) талап ететін мекеме- қандай мекеме!? Ол республикалық Сауда палатасы ма? Қалай болғанда да, Қытайдан келетін сматфондарға, планшеттерге, компьютерлерге қазақ тілінің программасын орнату міндетті болуы тиіс! Cондай ақ, сол тауарларды сатып алушы қазақтардың онда қазақ тілінің болуын талап етуі орынды. Олай болса, тұтынушылардың құқыған қорғау мемлекеттің де мүддесі болуға тиісті. Сондықтан, Қытаймен өзара сауда келісімін жасайтын органдардың техникалық тауарларға (смартфондарға, планшеттерге, компьютерлерге және т.б.) қазақ тілі программасының орнатылуын талап етуін сұраймыз.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Қатысты Мақалалар