Жақында Елордасы Астанада өткен Қазақ сайттары редакторларының жиналысына «Қамшы» порталы да қатысып, тиісті ұсынсытарын ортаға салды.
«Ғаламтор шекарамен шектлемейді. Сондықтан Қазақ сайттары туралы әңгіме ең алдымен әлемдегі 15 миллион қазақтың әңгімесі. Біз мәселені осы тұрғыдан ойлануымыз керек. Латын әліпбиіне көшетін сүйіншілі хабарды естігенде шекараның сыртында жатқан 5 миллион қазақтың алақайлағаны да сондықтан. Дегенмен латын әліпбиіне көшудің біраз барысты бастан кешіретінін ескерсек, ең алдымен қазақ сайттарына үш әліпбилік жобаны енгізуге тиіспіз. Сонда ғана жүйелі, сатылы түрде әлемдегі бар қазақтың бір тұтас ортақ әліпбиді қабылдауына қол жеткіземіз. Әсіресе ақпараттық технологияны жетік меңгерген Қытайдағы бір жарым миллион қазақ үшін Қазақстандағы басты ақпараттық сайттарға төте жазу бағдарламасын қоюды кешіктірмей бастауымыз керек. Ал латын әліпбиі туралы екі-ақ мәселені айтқымыз келеді. Бірінші, латын әліпбиінің Үкімет қабылдаған жобасы биылдан қалмай, тіпті жақын арада жариялану керек. Соның нәтижесінде қазақ сайттарының бір ізділігін сақатуымызға болады. Екіншіден, алтын әліпбиі тіл тақтадан тыс әріптерден аулақ болғаны жөн».
«Қамшы» порталының бұл ұсынсы нәтижесіз болған жоқ. Ең бастысы, Атажұрттағы бас сайттар көп ұзамай төте жазу нұсқасын қосуға сөз берді. Оның қатарында «Абай abai.kz », «БАҚ baq.kz », «Қазақстан Kaztrk.kz » телеарнасы сынды Қазақ елінің ең үлкен ақпарат көздері бар. Құдай қаласа Қытайдағы қандастарымыздың биылдан қалмай Қазақстан жаңалықтарын еш кедергісіз оқуларыңыға мүмкіндік туады!
Пікір қалдыру