Мәуліт айында миллиардер қайырымдылық жасады

/uploads/thumbnail/20170708164722746_small.jpeg

«Асыл мирас» қайырымдылық қоры  Көкшетау қаласындағы облыстық перинатальдық орталыққа, перезентханаларға аса қажет, заманауи құрал жабдықты тегін  сыйға тартты. Қайырымдылық іс шарасына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов,Ден саулық басқармасының бастығы Х.Ташметов, «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры М. Айтмаған бет овтер қатысты.

«Асыл Мирас» қайырымдылық қоры белгілі кәсіпкер, меценат,  әлемдік денгейдегі миллиардер Болат Өтемұратовтың басшылығымен құрылыпты. Қор  директоры Марат Айтмағанбетов құрал жабдықты сыйға тарту кезінде сөз сөйлеп, төмендегі жайға тоқталды.

-Сыйға тартылып отырған заманауи құрылғылар былтыр Бурабай курортты аймағында «Асыл Мирас» қоры және «Rixos Borovoe» қонақ үйі бірлесіп өткзген «Rixos Borovoe - 2014» қайырымдылық велошеруінен жиналған қаржыға сатып алынған.  Велошеру қайырымдылық акциясына  олимпиада чемпионы А. Винокуров, «Тур де Франс 2014» веложарысының жеңімпазы Винченко Нибали және «Astana» велокомандасы мен басқа спортшылардың лоттары аукционға қойылған. Аукционда  87,286 млн. тенге қаржы түскен. Жиналған  қаржы Ақмола облыстық перзентханасының инженерлік жүйесін қалпына келтіру және  осы орталыққа арнап, ауыр босанатын аналар, ауру  және шала туған нәрестелерді емдеп, жетілдіретін заманауи құрылғының бірнеше данасын сатып алуға жалпы құны  56,9 млн. тенгеге жұмсалыпты.  Қаржының қалған бөлігі Қызылорда облысындағы  орталықтың  осындай мақсатына арналған. Бүгін сол құрылғыны Мәуліт айына орайластырып салтанатпен табыс етпекпіз, ел игілігіне пайдалансын деген, лебізін білдірді.

Орталықтың бас дәргері Жанат Мусин: -  Бұл  құрылғының пайдаға берілуі,  облыс аумағында ауыр босанатын аналармен,  ауру және шала туған сабилердің ден саулығын түзеуге мол мүмкіндік туғызады – деп,  құрылғыны жоғары бағалады.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Н. Нұркенов: - Бұл қайырымдылық іс шара екі дүние сардары, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с)  туған айы, мәуліт мерекесі қарсаңында атқарылып жатқанымен ерекше.   Ислам діні ізгілік, мейрімділік діні. Қайырымдылық шараларға қатысу, садақа, зекет беру сауапты іс. Халықтың, ұлттың болашағы, оны  құрушы ұрпақтар үшін жасалып жатқан, сауапты іс  жалғаса берсін. Осындай қайырымдылық жасайтын атымтай жомарттар  саны көбейіп, халқының алғысына бөленетін болсын,  деген тілек айтты. Қайырымдылық ізгіліктің нақты көрінісі. Алланың бергенін қара басына ғана арнап, байлығын басып жемей,халықтың игілігіне жаратып Алла жолына жұмсау сауапты іс және әр мұсылманның парызы.

Алла тағала Құран кәрімнің «Тағабун» сүресінің 16 -18 аятарында: - «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер оның айтқанына бойсыныңдар, Алла жолында мал мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде- кім нәпсі сараңдығынан сақтанса ол мақсатына жетуші. Егер Алла ризалығы үшін дүние жұмсасаңдар, Алла оның есесін еселеп қайтарады. Алла береген кеңпейіл,жазалауға асықпайды. Ол құпияны да,әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі»  деп, пендесіне игі амалдар жасауды  міндеттейді.  Муслим жеткізген  пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)  хадисінде:  - « Ақиқат байлық- мал-мүліктің көп болуы емес ақиқат байлық кеңпейілділік, қайырымдылық ол адамдағы ең жақсы қасиет»деп өсиет етеді.

Қайрымдылық жасау, садақ беруден байлықтың кемімейтіні жайлы   құран кәрім, пайғамбар хадистерінде нақты жазылған.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : - «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді» десе, Құран Кәрімнің «Сәбә» сүресінің 39 аятында: - «Алланың жолында не жұмсасаңдарда Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп, пендесіне айқын уәде еткен.

Құран, шариғатпен сусындаған қазақ :  - Сауапты істің сауабы, қайырымды лықтың қайыры, қайта айналып өзіңе тиеді деп, ұрпағына нақыл қалдыруы  тегін емес. Ендеше,  қайырымдылық жасаған «Асыл Мирас» қоры және силық алушы перезентхана ұжымы игі істің қайыр, берекесін көрсін. Бір кезде аталарымыз шала деп, тымаққа салып, кереге басына ілген нәрестерелер, енді заманның өркеніне сай, заманауи аппаратта аман есен. дендері сау, денелері ширақ өсіп,  өне берсін.  Екі жаққада Алла берекет берсін дейміз. Жиын соңында қайырымдылық шарасына қатысқан бір қатар азаматтарды қазақ салты бойынша:  -«Сыйға сый, сыраға бал» -  деп, облыс атынан, ден саулық басқармасының бастығы Х. Тәшметов  Алғыс хаттармен марапаттады.  «Сыйлық Аллаһ жағынан берілген ғажап ризық. Біреуге сыйлық берілгенде оны қабыл етіп, оған одан жақсысын берсін» деген, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) –ның  хадис, сүнетін орындаған мырзаларға, сауап  жазылсын деп тіледік. Халқына  игі іс жасайтын азаматтар көбейіп, игі істің игілін көретін елі аман болсын. Байлығын басып жатпай,  халқының игілігіне жарататын жомарт жандар көбейсін. Мәуліт айы мүбәрәк болсын жамағат!

aparat 2

Шала туған нәрестені жетілдіретін апараттың сыртқы  және жұмыс кезіндегі көрінісі.

aparat

  Дахан Шөкшірұлы Жәмші

Қатысты Мақалалар