Кабинетіндегі төрге, әлеуметтік желідегі мұқабасына (обложка) Президенттің суретін қояды да, өзінің залым саясатын жүргізіп, өз айласын жүзеге асырып, жемқорлыққа белшесінен батып, өтірікті шындай ғып айтып, сөз соңында, я болмаса, өзі жазған дүниесінің астына "Елбасы аман болсын!" деп қол қоятындар көбейіп кетіпті. Бұрын бір жазбамда айтқан ескі мақалды қайталайын. "Өлген бураның басымен тірі атанды қорқытуды" қою керек ағайын! (Айдос Жұқанұлының фейсбуктегі парақшасынан)