Қытайдың Алтай аймағы Шіңгіл ауданында тұратын қандасымыз тапқан 8 келі алтын 5 миллион юанға(830 мың АҚШ доллары мөшерінде) сатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Қытай заңында кесек көлемдегі алтын мен бағалы заттар үкіметке тәуелді болуы керек деген тармақ бар. Осыған қарамастан ғаламторда жүргізілген сауалнамаға қатысқан 60 мың қандасымыздың 97% адам алтын тауып алған адамға тәуелді болуы керек деген шешімді қолдаған. Сонымен, соңғы шешім көпшіліктің қалауы бойынша болып, 8 келі алтын 5 миллион қытай юанына сатылды.
Әлемде бұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, алтын кендерінің өзінде де тым сирек кездеседі екен.
М.Жошы
