Қазақстанда Өскемен-Үрімші жаңа әуе маршруты ашылады

/uploads/thumbnail/20170708165002765_small.jpg
2015 жылдың 20 наурызынан бастап, «BEK AIR» әуе компаниясымен Өскемен-Үрімші бағытында чартерлік әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, әуе бағдарының жиілігі – аптасына 1 рейс (жұма күні барып қайту бағытында). Ұшақ Өскемен қаласынан сағ. 9.30-да шығып, Үрімші қаласына сағ 12.55-те қонады (Үрімші уақыты бойынша). Сол күні Үрімші уақыты бойынша ұшақ сағ. 14.55-те Үрімшіден ұшып, сағ. 14.25-те Өскемен қаласына келіп қонады (Астана уақыты бойынша).

Өскеменнен ұшып шығатын бір жақты билет бағалары эконом-класта 40 теңге, бизнес-класста 55 мың теңге тұрады. Ал ұшақтың ұшуына 14 немесе одан көп күн мерзімде «барып – қайту» билетінің бағалары эконом-класта 69 теңге, бизнес-класста 84 мың теңге құраса, 14 күндік мерзімнен аз уақытта сәйкесінше, 79 және 94 мың теңге болады.

Айта кетерлігі, қос қаланың арасында жолаушыларды 85 орындық Fokker 100 әуе ұшағы тасымалдайды. Сондай-ақ, аталмыш әуе рейсін ҚХР аумағындағы өзге де әеу рейстерімен түйістіру жұмыстары жоспарлануда.

Қатысты Мақалалар