Ұлттық банк үйді 7 проценттік ипотекамен қалай алуға болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20170804105523420_small.jpg

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында "7-20-25" бағдарламасы аясында 7 проценттік ипотеканың талаптарын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, қарыз алушы төлемге қабілетті болуы шарт.

-Бағдарламаға ресми кірісі бар Қазақстан азаматы қатыса алады. Оның шарттары банктермен талқыланып жатыр. Мәселен, үйдің құны - 7 млн теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңге. Бұл жұмыс істейтін көптеген қазақстандық үшін қолайлы. Ірі қалалар мен аймақтар бойынша баспана бағасына дифференциация жасалуы мүмкін, - деді Данияр Ақышев.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасын таныстырып, еңбек етуші әр қазақстандық тұрғын үйді жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын өсіммен ала алатынын айтқан болатын. Елбасы таныстырған «7-20-25» бағдарламасында қарапайым халыққа қолжетімді бағада үй алу мәселесі қарастырылған.

Қатысты Мақалалар