Қызылорда облысында апатты жағдайдағы жатақхана тұрғындарына пәтер берілді

/uploads/thumbnail/20180314174103354_small.jpg
Қызылордада 143  отбасыға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұл жайында Қызылода қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Наурыздың басында  облыс әкімінің тапсырмасымен облыс көлемінде орналасқан жатақханалардың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия Қызылорда қаласында орналасқан 22 жатақхананың жай-күйін зерттеп, қорытындысымен Титов қыстағындағы №32 жатақхана ғимаратын апатты деп таныған. Осыған сәйкес, бұл жатақхананың тұрғындарын жаңа баспанамен қамту мақсатында шұғыл шаралар қабылданды.
 
Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданнан 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, басындағы жалғыз баспанасы апатты ден танылған 143 отбасына пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.
 

Қатысты Мақалалар