Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған бес әлеуметтік бастамалары елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономиканы өркендетуде маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. Алдымен Президент қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп жұмыс атқарылғанын атап өтті.
Десе де Елбасы мемлекетте пәтер мәселесінің әлі де болса өзекті күйінде қалып отырғанын хабарлады. Осыған орай, Президент әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтардың пәтер алу үшін тиісті жағдай жасалатынын жеткізді. Ол үшін арнайы бағдарлама іске қосылмақ.
Жалпы, қолжетімді баспананың өзектілігі ерекше. Сондықтан, несие өсімінің төмендеуі, олардың бір деңгейде белгіленуі, ұзартылуы осы ұсыныс пакеттердің ішіндегі ең маңызды қадамдарының бірі деп айтуға негіз бар.
Бұл айқындылыққа, жаңадан өмір бастап келе жатқан жас отбасыларға жарқын жол ашпақ. Осының бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Бір сөзбен айтқанда, Президенттің ел экономикасының өсіміне оң серпін береді.
Пікір қалдыру