Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 120 қазақ баласы өзбек мектебінде оқып жүр. Бұл туралы "Айқын" газетіне Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаева хабарлапты. Оның айтуынша, өзбек мектебінен қазақ сыныптарын ашуға болады. Тіпті мектеп салудың қажеті жоқ. Тек өзбек мектептерінің ішінен қазақ сыныптарын ашса болғаны. Ал Сайрам ауданының әкімдігінің өкілдері бес-алты балаға бола қазақ сыныптарын ашудың қажеті жоқ деген ойда екен. Себебі олар облыстық тіл басқармасы бастығының айтып отырған 120 баланың қазақ екендігіне күмән келтіріп отыр.
Қазақпарат
Пікір қалдыру