Қазақстан студенттері қымыздан сабын жасады

/uploads/thumbnail/20170708150906976_small.jpg
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің студенттері қымыз бен басқа да түрлі биологиялық өнімдерден сабын жасау әдісін ойлап тапты. Бұл туралы университет қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Игнатоваға сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Отандық биосабынның авторлары олардың ойлап тапқаны қазір қолданып жүрген көптеген сабыннан кем түспейтінін, тіпті кейбір артықшылақтары бар екенін айтып отыр. Оның құрамына сүт, қымыз, айран, ұнтақталған кофе, шай тұнбасы, түрлі өсімдік майлары сияқты табиғи қоспалар қосылады екен. Әзірше сабынның 25 түрлі рецепті әзірленіпті. «Қазірде көптеген косметикалық заттар аллергиялық реакция туғызады. Ол заттардың құрамына химиялық компоненттерді көптеп қосудан болады. Біз қол мен бет терісіне, денеге пайдалы болатын табиғи қоспаларды табуға тырыстық», - дейді Л.Игнатова. Оның айтуынша, сабын өндірісі әлі аса көлемді табыс әкелмепті. Рецепті әзірлеушілер әзірше қажетті қоспаларды қотара сатып алу үшін демеушілік көмек іздеуде. Ал қазір студенттердің сабыны құрамына қарай 300-700 теңге аралығында саудаланып жатыр екен.

BAQ.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар