Тәубе – сөзін дұрыс қолданайық

/uploads/thumbnail/20170708165936383_small.jpg

Тәубе  -  Құран кәрімнің тоғызыншы  сүресі.  Бұл сөз - Тәубе  сүресі арқылы қазақ халқының бойына сіңді деуге болады.  Тәубе сөзін, қазақтар « Тәу бә»,«Тоба, о тоба» депте келтіре береді. Тәубе сөзінің мән, мағнасын түсінбей, қате қолданып  жүргенімізді ескеріп, осы жазбаны көпшілікке жеткізгенді жөн көрдім. Мысалы, тәуелсіз ел болғанымызға тәубе – дегенді де естіп  жүрміз. Шалқар радиосы:  - «Тәубә тәубә, тәуелсіздікке »  деп, күн сайын екі үш рет өлеңдет қайталап жатады. Ел радио тыңдамай ма, әлде шынында «тәубе» мен «шүкір» сөзін айыратын діндарларымыз жоқ па?  Тәубе сөзінің мағнасын, ағайын, дос жарандарыңа айтасың, түсіндіресің. Ал білмейтін ағайындар, аман келгеніңе, аман қалғаныңа, қызметке орналасқаныңа, оқуға түскеніне, тәубе десіп жатады. Бұл, шын мәнінде аман келгеніме, оқуға түскеніме өкінемін деген, сөз болады.  Ислам дінінің  ғұламасы Халифа Алтай  аударған «Құран Кәрім қазақша мағына  және түсінігі» кітабында, Тәубә: - Күнәдән бас тарту, райдан қайту, істегеніне өкіну деп, түсіндірме беріпті. Өйтсе тәубе  сөзі  өкініу,  деген мағына береді екен. Қуанышты жағдайда «Тәубе» демей, «Шүкір « деп айту керек.  Аман келгеніңе шүкір. Оқуға түскеніме шүкір. Толығымен айтатын болсақ. Еліме, үйіме аман есен жеткізген Аллаһу Тағалаға мың шүкір деп, айтқан жөн. Араб тілінде шүкір, яғни «шүкран» деген сөз -  рахмет дегенді білдіреді.  Мұсылман адам әр қашан жіберген қателіктеріме тәубе етіп жүргені абзал.  Өткен қате кемшіліктеріме, күнәлеріме тәубе етемін.  Ілгері, кейінгі біліп білмей істеген қателіктерімді Аллаһу Тағала кешіре гөр деп, жүрген жөн болады. Бұл, тәубәға келудің басы. Шын тәубеге келу үшін, құран аяттарымен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – ның сүнет, хадистерін біліп, ұстанумыз керек.

Тәубе сөзі –  жайсыз істен қайту, бет бұру, жаман іске өкініп, оны дереу тоқтатып, қайталамау үшін Алладан кешірім, жарылқау тілеу деп, сөз басында келтірдік. Адам баласында күнәсіздер болып – пайғамбарлар саналады. Қазақ жас нәрестені күнәсіз періште дейтінін, бәріміз білеміз. Тәубе ету игілігі тек мұсылмандарға берілген Алланың зор рахымы.  Бұл рахым басқа діндегілерге берілмеген. Бұл бізді Жаратушы Аллаһтың мұсылман етіп жаратқанына сансыз шүкір айтуды еске салады. Сол үшін Алланың нығметтеріне шүкір айтып, жаза бассақ әр қашан  тәубеге келіп жүрген абзал. Біз тәубеге келу арқылы, әр түрлі қателерімізден   болып, күйзеліп  жүрген жан азабынан құтылып, рухымыз тазарып, жанымыз жайланады. Кей кезде, қателікке бой алдырған кездерімізде, Аллаға тәубе етіп, садақа салып, нәпіл намаз оқып, жаман іске, жақсы іс жасап, мешіттерге жиі барып, уағыз тыңдап, өз білгеніңді өзгемен бөліссең, жаның жадырап, арқаңнан орасан зор жүк түскендей болып, көңілің жайланып қалатыны рас. Бұл Аллаға деген сенімің, сол үшін, құлшылығыңды ыждағатпен жасап, рахым күтсең, үмітің ақталып, тәубең қабыл болатыны күмәнсіз. Алланың рахымынан мұсылман адам еш қашан күдер үзбейді және үзуге болмайды.

Құран Кәрімнің Юсуп Сүресінің 87 аятында: - «Алланың рахметінен қарсы болған қауым ғана күдер үзеді»- деп көрсеткен. Құранның Нұр сүресінің  8 аятында: - « Әй, мұсылмандар, барлығыңыз Аллаға тәубе қылсаңыз ғана құтыласыз» десе, Шура сүресінің 25 аятында : - «Ол Құлдарының тәубесін қабыл етеді де күнәлерін кешіреді», Тәубе сүресінің 118 аятында:  - « Шынында,  Алла тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді» - деп, жаратушымыз мұсылман құлдарына нығметін ашық жеткізеді.  Бірақ, күнәмізді кешіреді деп, күнә істеуді жалғастырып, тиылмаса, күнәлер жинала келе үлкен күнәға ұласады.  Бұл жайында Құранның Ниса сүресінде: - «Алланың қабылдаймын деп уәде берген тәубесі жамандықты білместіктен істеп алып, одансоң ұзамай ( өлмей тұрып) түзелген адамның тәубесі. Алла олардың тәубесін қабыл етеді. Ол барлығын біліп тұрады., әрі хикметпен іс істейді. Тірлігінде жамандық жасаудан тыйылмай, өлер шаққа келгенде енді тәубе етемін деушілердің тәубесі және кәпір қалде өлгендердің тәубесі қабыл болмайды, оларға ауыр азап дайындалған» - деп, бұйырған. Бұл  нені білдіреді. Кешікпей тұрып Аллаға құлшылық жасап, намаз оқып, садақа, зекет беріп, ораза ұстап, жаман қылықтардан тиылып, тәубе етуді, ауырмай тұрып, денсаулық тілеп, иманның байлығын жинауды  пендесінің есіне салады. Жоқтан бар етуші, жарылқаушы, тәубәні қабыл етуші тек Алла ғана. Бұл жайында Тәубе сүресінің 103 аятында: - «Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмейме?. Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімді» - деп, өз құдыретін пендесіне ескертеді.

Аллаға тәубе етудің амалдары жеткілікті. Соның бірі екі рәкетпен оқылатын Тәубе намазы. Бұл күнәлі істеріне өкініп, тәубе етудің алдынада Алладан жарылқау тілейтін нәпіл намаз.   Тәубе намазын әр алты сағат сайын оқыса абзал. Оң иықта игі, жақсы амалдарды, сол иықта  жайсыз іс, қылықтарды жазатын екі періште отырады. Егер жайсыз қылықтар істелінсе, сол иықтағы періште жаза бастайды екен. Сонда, оң иықтағы періште, сол иықтағы періштеге, сәл тос, Алланың құлы, күнәсіне өкініп, Тәубе намазын оқиды деп, тоқтатады екен. Әрине, пенде күнәсіне шынайы өкініп,  Тәубе намазын ықыласпен оқыса, амал дәптеріне күнә жазылмайтыны жайлы , бір намазхан атамыздың  айтқаны есімде.

Тәубә намазының батасы. – Аллаһума инни атбу иләкә минһә лә аржиғу иләйһә әбәдән. Аллаһума мәғфиратукә әусәғу зунуби уә рәхмәтукә аржи ғинди мин ғәмәли.  Намаз соңында 3 рет айтқан жөн.

Тәубә – Алланың мұсылман құлына сыйлаған зор рахымы. Жаратушы Алла барлығымызды күнәсіне тәубе еткен, рахымынан мол үміт күткен құлынан болуды жазсын. Әмин.  Жазбада кемшіліктер болса жамағат толықтырады деп, сенемін.

Дахан Шөкширұлы Жәмші

Қатысты Мақалалар