Соңғы 5 жылда 8 қазақстандық жынысын ауыстыру үшін ота жасатты деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
"Жынысты хирургиялық жолмен түзету транссексуалдықты емдеу әдісі болып табылады. "Транссексуалдық" диагнозы бар адамдар Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығында тексеруден өтті", - делінген салалық ведомство хабарламасында.
Елімізде 2010 жылдан бері 5 әйел мен 3 ер адам жынысын өзгертті.
Нақтырақ айтсақ, 2010 жылы 3 адам, 2011 жылы 2 адам, 2013 жылы 2 адам, 2014 жылы 1 адам жынысын өзгерту үшін медициналық көмекке жүгінген. Bnews.kz